Жигули Дайрабаев кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"5 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінен Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжат тапсырылды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 4 қазанда Мейрам Қажыкен кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелу үшін ОСК-ға құжаттарын тапсырғаны хабарланған еді.