21 қар, 2022 сағат 01:15

Президент сайлауы: Exit poll нәтижелері жарияланды


Кезектен тыс президент сайлауының алғашқы Exit poll нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы тапсырысымен «Ашық қоғам» өңірлік зерттеуллер институты жүргізген Еxit poll нәтижесі бойынша, 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауына қатысқандардың 82,45 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген.

«Ашық қоғам» өңірлік институтының өкілдері Exit poll-дың стандартты әдістемесі бойынша сайлау учаскесіне барған азаматтар арасында сауалнама жүргізіп, «Сіз қай кандидатқа дауыс бердіңіз?» деген сұрақ қойған.

Сонымен, Exit poll нәтижесі:

Қарақат Әбден — 2,54%;

Нұрлан Әуесбаев — 2,17%;

Жигули Дайрабаев — 3,33%;

Мейрам Қажыкен — 2,23 %;

Қасым-Жомарт Тоқаев — 82,45%;

Салтанат Тұрсынбекова — 2,08%;

Бәріне қарсымын – 5,12%.


Сондай-ақ, «Астана» телеарнасының тікелей эфирінен «AMANAT» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты да өз деректерін жариялады.

Институт өкілдері жүргізген сауалнамаға 70 мыңнан астам адам қатысқан.

Нәтиже төмендегідей:


Одан бөлек, «31» телеарна тапсырысымен «СОЦИС-А» «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ жүргізген сауалнама қорытындысы белгілі болды.

Exit poll нәтижесі мынадай:

Қарақат Әбден – 2,84%;

Нұрлан Әуесбаев – 2,38%;

Жигули Дайрабаев – 3,68%;

Мейрам Қажыкен - 2,62%;

Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,02%;

Салтанат Тұрсынбекова – 2,24 %;

Бәріне қарсымын – 4,22%.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 69,43%-і немесе 8 299 501 адам дауыс берген.

Ең төменгі көрсеткіш республикалық маңызы бар үш қалада тіркелген. Олар:

Алматы қаласы – 28,72%

Астана қаласы – 48,60%

Шымкент қаласы – 59,79%.

Ал қалған өңірлерде – 66-81 пайыздың маңайында. Ең жоғары көрсеткіш - Жетісу облысында, ол өңірде сайлаушылардың 81,42 проценті дауыс берген.