23 қыр, 2022 сағат 16:58

Президент сайлауы – елдің болашағы


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс Президент сайлауын 20 қарашаға белгіледі. Бірнеше күн бұрын ол Конституцияға енгізілген өзгерістерге қол қойды. Меніңше, бұл – дұрыс шешім. Өйткені Президент сайлауы – елдің болашағы. Біз оған ел болып, жұрт болып көңіл бөлуіміз керек. Себебі бүгінде әлемде болып жатқан болып жатқан халықаралық қатығыстар тек шиеленісі үстінде. Осындай жағдай бізде қайталанбас үшін ел басқарарар басшыны қолдап, сайлауға қатысуымыз керек.

Шындығын айтсам, Қасым-Жомарт Тоқаевты жалғыз мен ғана емес, бүкіл халық қолдап жатыр. Оның алдағы уақытта қандай саяси, әлеуметтік, экономикалық реформалар ұсынып жатқанын жақсы білеміз. Тіпті, осы ойымен Президент кезектен тыс Жолдауында ғана емес, АҚШ-тың астанасы Нью-Йоркке барып, Біріккен ұлттар Ұйымының алаңында сөйлеп, алдымызда қандай мәселелер тұрғынын ашық айтты.

Енді тек «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, алға қойылған жоспарды орындау қалды. Оның үстіне, Президенттің бір-ақ рет жеті жылдық мерзімі - кез келген бастамаға жеткілікті уақыт. Сондықтан еліміз өзінің даму жолында тұрақты қадам басуда. Екіншіден, Президенттің бір-ақ мерзімге  сайлануы – демократиялық бағыт. Бұл дегеніміз – демократияға бастама! 

Ахметқал Медеу,

География институтының директоры