20 қарашада өтетін кезектен тыс Президент сайлауының бюллетеньдерінде "барлығына қарсы" деген бөлек тармақ болады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Барлығына қарсы" бағаны заң бойынша қарастырылған. Әрине, ол болады. Азамат бірде-бір кандидатты таңдамаса, барлығына қарсы дауыс беруге құқылы", - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бағанды енгізу туралы 21 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын.
"Сайлау бюллетеньдерінде "барлығына қарсы" деген баған пайда болды", - деп мәлімдеген еді Тоқаев.