Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресеймен барлық экономикалық уағдаластықтардың сақталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа байланысты барлық уағдаластықтар өз күшінде қалады. Біз жұмыс істеуді жалғастырамыз. Қазақстан ешқандай жағдайда өзінің одақтық міндеттемелерінен бас тартпайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік журналист Андрей Кондрашовқа берген сұхбатында.
Президенттің пікірінше, уағдаластықты үзу дұрыс емес және перспектива тұрғысынан тиімсіз болар еді.