17 қыр, 2022 сағат 13:26

Президент Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасы тығыз. 

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының Жалпы дебатына қатысады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен, АҚШ-тың ірі қаржы институттарының және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сарапшылар тобының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр" - делінген хабарламада.