20 шіл, 2021 сағат 10:25

Президент Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды


Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды. Еліміздің мұсылмандары биыл да пандемия жағдайына байланысты құрбандықтарын ҚМДБ ұйымдастырған qurban2021.kz сайты арқылы қашықтан шалдыруда. Сүйіспеншілік пен ізгіліктің, мейірбандық пен қайырымдылықтың мейрамы тағы да құтты болсын!» делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтаған болатын.