17 нау, 2026 сағат 16:45

Қазақстанда туу деңгейі артып, өлім-жітім айтарлықтай төмендеп келеді

Фото: ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша 2026 жылдың қаңтар айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда туу көрсеткіші артты, деп хабарлайды Ult.kz.

Атап айтқанда:
 • туу көрсеткіші 1,8%-ға артты (14,49-дан 14,75-ке дейін);
 • жалпы өлім 8,4%-ға төмендеді (6,2-ден 5,68-ге дейін);
 • нәресте өлімі 28,5%-ға азайды (6,66-дан 4,76-ға дейін).

Сондай-ақ 2026 жылдың алғашқы екі айында ана өлімі 49,4%-ға төмендеп, 100 мың тірі туған балаға шаққанда 16,2-ден 8,2-ге дейін азайды.

Негізгі себептер бойынша өлімнің:
 • қанайналым жүйесі ауруларынан — 13,9%-ға, оның ішінде:
 • жедел миокард инфарктынан — 6,5%-ға,
 • инсульттен — 7,8%-ға;
 • қатерлі ісіктерден — 7,4%-ға;
 • жазатайым оқиғалардан, жарақаттар мен уланулардан — 2,3%-ға;
 • тыныс алу жүйесі ауруларынан — 18,7%-ға тұрақты төмендеуі байқалады.

Қол жеткізілген нәтижелер денсаулық сақтау жүйесін дамыту, профилактикалық бағдарламаларды кеңейту, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ заманауи диагностика және емдеу әдістерін енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі болып табылатынын айта кету қажет.