10 нау, 2017 сағат 13:43

Президент ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістерге қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде хабарлады.

Еске сала кетсек, Конституцияға өзгерістер енгізу жобасы  ресми БАҚ-та 2017 жылдың 26 қаңтарында жарияланған еді.

6 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады. 

Мемлекет басшысына қол қою үшін ұсынылған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы Конституциялық кеңеске жолданған болатын. Ал Конституциялық кеңес өз шешімінде аталған заңның ҚР Конституциясына, соның ішінде Республиканың конституциялық құндылықтарына, қызметінің түбегейлі принциптеріне және басқару нысанына сәйкес келеді деп қаулы етті.