02 шіл, 2019 сағат 16:01

Президент ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы бірінші жартыжылдықтағы елдегі Конституциялық заңдылықтардың сақталуын бақылау жөнінде мәлімет берілді. Конституциялық Кеңес төрағасының айтуынша, ел аумағындағы барлық іс-шаралар негізгі заңға сәйкес өткізілген.

Мемлекет басшысы Конституцияның жасампаздық әлеуетін толық қолдану қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, Конституциялық Кеңес азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесіне әділ көңіл бөліп отырғанын айтты.