03 нау, 2017 сағат 09:29

Назарбаев: Референдум өткізудің қажеттілігі жоқ

Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізудің қажеттілігі жоқ. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының біріккен отырысында айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпаратkaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

"Парламент депутаттарынан мүмкіндігінше кейінге қалдырмай, барлық процедура мен заңымызды сақтай отырып, заң жобасын қарауды сұраймын. Конституцияда өзгерістер енгізудің екі нұсқасы бар: Президент талқылаудан кейін заң жобасын референдумға немесе Парламентке жібере алатды. Биліктің мемлекеттік жүйесінің негізгі жағдайлары мұнда өзгермейтіндіктен, құқық негіздері, адам бостандығы бұл реформада өзгеріссіз қалғандықтан үлкен шығынға, адам ресурсына, саяси проблемаларға және қоғамда артық сұрақтар туындайтын жағдайға алып келетін референдум өткізудің қажеттілігі жоқ", - деді Президент.

Назарбаевтың айтуынша, халық сайлаған депутаттық корпус осы заңды енгізуге құқылы. 

"Жобаны мемлекет мүддесі үшін ұзаққа создырмай қарайтындарыңызға сенімдімін. Жұмыстарыңызға сәттілік", - деді Мемлекет басшысы депутаттарға.