20 жел, 2019 сағат 12:51

Президент Есеп комитетіне аудиторлық қызметтің нәтижелерін жариялауға тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетіне аудиторлық қызметтің нәтижелерін жариялауға тапсырма берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қаржылық бақылаудың жоғары органы бюджеттік қаржының тиімсіз игерілуінің қаржылық бұзушылықтарын анықтау бойынша жұмысты жүргізуде. Алайда осы күнге дейін бұл жұмыстың нәтижесі егжей-тегжейлі жарияланбады. Сондықтан 2020 жылдың қаңтарынан бастап Есеп комитеті тексерілетін меморгандар мен ұйымдар бойынша өзінің аудиторлық шараларының негізгі нәтижелерін жариялайтындығы туралы шешім қабылдадым», - деді Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында.