Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаптаулармен байланысты қылмыстарды тергеп-тексеру туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Азаптаулармен байланысты қылмыстарды тергеп-тексеруге жүйелі тәсілдеме керек. Қазіргі уақытта бұл бағытқа жауап беретін нақты бір орган жоқ. Бұл тәжірибе белгілі бір сын-қатер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл функцияларды Бас прокуратураға міндеттеуді ұсынамын. Бұл тәсіл тергеудегі ашықтық пен бейтараптықты қамтамасыз етеді, құқық қорғау саласындағы бассыздық үшін жазаның бар екенін көрсетеді», - деді Тоқаев.