Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшылығы Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен қазақ халқының ұлы перзенті, "Халық Қаһарманы" Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойып, қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Салтанатты шараға Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу мен Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева қатысты.