Елбасының Жарлығымен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Өкімімен Оңдасын Сейілұлы Оразалин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
Оңдасын Сейілұлы Оразалин 1963 жылы туған.
1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын, 1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1985-1986, 1987-1988 ж.ж. - Ақтөбе педагогикалық институтының оқытушысы.
1988-1990 ж.ж. - Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің хатшысы.
1990-1993 ж.ж. - жарнамалық ақпараттық-коммерциялық агенттіктің бөлім бастығы.
1993-1999 ж.ж. - «Банк «Рика» ААҚ басқарма төрағасы.
1999-2000 гг. - «Облтрансгаз» ЖАҚ, «Ақтөбегаз» ЖАҚ басқарма төрағасы.
2000-2003 ж.ж. - Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының әкімі.
2003-2004 ж.ж. - Ақтөбе облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының бастығы.
2004-2005 ж.ж. - Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің директоры.
2005-2006 ж.ж. - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
2006-2007 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2007-2008 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
2008 жылдың наурыз - қазан аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
2008-2014 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.
2014 жылдың мамырында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен (2008) және 3 мерейтойлық медальмен марапатталған.