18 қыр, 2019 сағат 17:46

Премьер-Министр Кеңсесіне жаңа басшы тағайындалды

Мемлекет басшщысының Жарлығымен Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалсын», делінген құжатта.

Ғалымжан Телманұлы Қойшыбаев 1968 жылы 12 сәуірде дүниеге келген.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1991);

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Жоғары мектебі, философ (1994).

Еңбек жолы: «Каззапсельпроект» БЖИ корректор (1985); Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде көмекші, атташе, үшінші, бірінші хатшы, кеңесші, министр кеңесшісі (1994-2004); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы (2004-2006); Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі (2006-2008); Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2008 жылдан); Қазақстан Республикасының Латвия, Эстония Республикасы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2009 жылдан); Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2012-2016); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (2016-2019).