14 қар, 2016 сағат 11:46

Премьер-министр: Инвестиция тарту бойынша елшiлерден сұрау қатаң болады

Бүгiн үкiмет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев инвестиция тарту елшiлердiң бiрiншi кезектегi мiндетi екенiн айтып, олардан сұрау қатаң болатынын ескерттi, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасап.

«Жаңа ғана Мемлекет басшысы хабарласып, Жапония мен Кореяға жасаған сапардан кейiн инвестициялық климатты сұрады, осы елдердiң iрi бизнесi тарапынан бiздiң елге қызығушылы үлкен екенiн айтты. Бiзге бұл жұмысты күшейту қажет», - дедi Бақытжан Сағынтаев.

Үкiмет басшысы инвестиция тарту бойынша елшiлiктердiң жауапкершiлiгi зор екенiн ескерттi.

«Мемлекет басшысы барлық елшiлердiң жұмысы елге инвестиция тартуға бағытталуы қажет екендiгiне назар аударды. Бұл олар үшiн бiрiншi кезектегi мiндет, сондықтан елшiлерден сұрау да қатаң болады. Олардың қай елден қанша инвестиция тартқаны маңызды болады», - дедi Б.Сағынтаев.

Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов барлық елшiлiктердiң экономикалық сұрақтар бойынша жұмысы жүйелi екенiн алға тартты. Үкiмет басшысы министрлерге қол қойылатын меморандумдардың тиiмдiлiгiне мониторинг жүргiзудi тапсырды.

«Мемлекет басшысының сапарлары кезiнде бизнес-форумдар өтiп, көптеген меморандумдар мен келiсiмдерге қол қойылады. Ал әрi қарай мониторинг қалай жүргiзiледi? Бұл жұмысты қағаз түрiнде қалдырмай, соңына дейiн жеткiзуiмiз керек. Сондықтан ревизия қажет. Бұл жұмысты Инвестициялар және даму министрлiгi мен сыртқы iстер министрлiгi жыл соңына дейiн аяқтауы тиiс», - дедi Б.Сағынтаев.