- ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа аз ойланып, көп жұмыс істеу қажеттігін ескертті.
Ұлттық экономика министрі Үкімет отырысы барысында бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеудің жаңа тәсілдері туралы баяндаған болатын, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Қазақстанда ЭЫДҰ-ның стандарттарына сәйкес келетін монополияға қарсы заңнама бар, бірақ бәсекелестіктің деңгейі төмен қалуда. Ведомство деректері бойынша себептердің бірі көбінесе бәсекелестіктің базалық қағидаттарына қайшы келетін салалық заңнама нормаларымен байланысты.
«Нәтижесінде, базалық нарықтарда бәсекелестіктің заңды негіздерде дамуы үшін жаңа субъектілердің кіруі үшін еңсерілмейтін әкімшілік, экономикалық, техникалық және басқа тосқауылдар жасалған», - деді министр.
«Осы ретте, салалардың құрылымын өзгертуге және бәсекелестікті дамытуға бағытталған салалық заңдарға өзгеше «ревизия» жүргізу қажет. Сөзсіз, базалық салалардың реформалануы талап етілетіндіктен, бұл жұмысты біртіндеп керек. Бұл бәсекелестік қағидаттарына қайшы келетін нормалар мен ережелерді алып тастау не қарапайым реттеудің транстпареттілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету болады. Қазақстанда жүк және жолаушылар тасымалы, авиатасымалдар, электр энергетикасы, көмір өнеркәсібі, мұнай өнімдерін өңдеу және онымен жабдықтау және қант өндірісі сияқты базалық нарықтарда 3-4 ірі үстем құрылымдар әрекет етеді. Тұтастай алғанда, бәсекелес ортадағы ағымдағы жағдайды нарықтардың сақталатын олигополиялық құрылымы ретінде сипаттауға болады», - деп хабарлады Бишімбаев.
«Жалпы министр өзінің баяндамасында барлық мәселені қамтыған, бірақ маған онда «мүмкін уақыты келді» деген сөз ұнамай отыр. Бұл сөзден сестеніп отырмын. Сіздердің министрлік маңызды бірдеңе атқарады ма, жоқ па? Ойланбай, әрекет ету керек», - деді Сағынтаев Үкімет отырысы барысында.
«Мемлекет басшысы ашық бәсекелестікті дамытуды, антимонополиялық органның құзырын күшейтуді тапсырды. Ол жасалды. Сізге барлық құзыр берілді. Сіздер бүгін Қазақстанда ЭЫДҰ-ның стандарттарына сәйкес келетін монополияға қарсы заңнама бар екендігін хабарладыңыздар. Онда іске кірісіңіздер. Көмір бойынша проблема бар деп бізге анық нәрселерді айтып отырсыз. Бүгін ғана білдіңіз ба?! Ол баяғыда белгілі болған нәрсе. Неге жұмыс істемейсіздер, неге әрекет етпейсіздер. Электр энергиясынан осындай жағдай екенін жаңа білдіңіздер ме?! Оның барлығы қалай сатып алынатынын, қалай өткізілетіндігін адамдар біледі», - деді Сағынтаев.