13 там, 2021 сағат 12:14

Полиция Шымбұлақта болған жанжалға қатысты түсініктеме берді


«Шымбұлақ» директоры Ринат Әбдірахманов Instagram-дағы парақшасында тау шаңғы курорты аумағында төбелес болғаны туралы жазды. Бұл оқиғаға қатысты Алматы полициясы түсініктеме берді деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ер адам дөрекі түрде кабинаға басқа қонақтың кіруіне рұқсат бермеді. Қызметкер қонақты кабинаға отырғызуға тырысқанда, ер адам есікті жауып қана қоймай, оны ұрып жіберді», - деп жазды «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының директоры Ринат Әбдірахманов. 

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, «Шымбұлақ» қызметкерінің арызы 12 тамыз күні түсті.

«Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдікті мен істің басқа да мән-жайлары анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша ҚР заңнамасына сәйкес шара қолданылады», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.