21 қыр, 2020 сағат 12:51

Полиция Questra және Asset қаржы пирамидаларынан зардап шеккендерді іздеп жатыр

Questra және Asset қаржы пирамидаларынан зардап шеккен азаматтар тез арада полиция хабарласқаны жөн, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Тергеу департаменті Қазақстанның және өзге елдердің жекелеген азаматтарына қатысты 2016-2017 жылдары ел аумағында «Questra Holding ins», «Questra World», «Atlantic Global Asset Management», «five Winds Asset Managent» атты қаржы пирамидасын құру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

Қаржы пирамидасының басшылары интернет желілерінде веб-сайттар құрып, ойдан шығарылған түрлі инвестициялық портфельдер сатқан. Алаяқтар портфельдің мерзімі аяқталғанда 300% дейін пайда табасыз деп жалған уәделер берген. 

Ел аумағында алаяқтардан мыңдаған қазақстандық зардап шекті, оларға келген шығын 1 млрд теңгеден асып түскен. Тамыз айында қаржы пирамидасы басшыларының бірі, Ресей азаматы Ольга Клейнард Беларусь елінен экстрадицияланды және сотқа дейінгі тергеу қайта басталды. 

Осыған байланысты тергеу органы «Questra Holding ins», «Questra World», «Atlantic Global Asset Management», «five Winds Asset Managent» компаниялар тобының алаяқтық қызметінен зардап шеккендердің барлығын ІІМ-ге (Нұр-сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайына немесе тұрғылықты жері бойынша полиция департаментіне хабарласуды сұрайды. 

Ішкі істер министрлігі азаматтарды сергек болуға және оңай және тез пайда табу туралы уәделерге сенбеуге және осындай жағдайлардың барлығын дереу полиция органдарына хабарлауға шақырады.