26 шіл, 2024 сағат 13:51

Полиция қызметкері мас күйінде көлік айдап, 2 адамды қағып кетті


Фото: egemen.kz
Ақтөбе облысында қайғылы оқиға орын алды. Полиция қызметкері үйлену тойынан кейін мас күйінде көлік айдап, жас жұбайларды қағып кеткен, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Оқиға салдарынан екі адам да қайтыс болды.

Бұл ақпаратты Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жүргізуші қамауға алынды.

Сонымен қатар, қызметтік тексеру жүргізіліп, нәтижесінде жеті жауапты қызметкер, оның ішінде тікелей басшылар, лауазымдарынан босатылды.