14 шіл, 2021 сағат 09:12

Полиция Ақсуда әйел мен екі баланы пышақтап өлтірді деген күдіктінің видеосын көрсетті


Павлодар облысының полицейлері 35 жастағы әйел мен оның екі баласын өлтірді деген күдіктінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпарат қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, 12 шілдеде Ақсудағы пәтерден пышақталған әйел мен оның бес және жеті жасар екі баласының мәйіті табылды. Олар табылғанға дейін пәтерде шамамен бір жарым күн жатқан.

Сол күні полицейлер күдіктіні ұстады, ер адам 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полиция мәліметінше, күдікті әйелмен таныс болған. 11 шілдеге қараған түні олар жанжалдасып қалған. 36 жастағы ер адам алдымен әйелді пышақтаған, содан кейін шудан оянған балаларды өлтірген.

Марқұмның көршілері әйел туралы айтып берді. Әйелдің аты - Зухра. 35 жастағы әйел екі қызымен жалғыз тұрған: 7 жастағы Гулдана және 5 жасар Раяна. Ақсу сауда үйлерінің бірінде азық-түлік бөлімінде сатушы болып жұмыс істейді.