11 қар, 2021 сағат 17:41

Pfizer вакцинасы мектептерде сақталмайды


Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева брифинг барысында балаларды вакциналаудың схемасы қалай жоспарланғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спикердің сөзінше, вакцинаның қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген. Мектептерге препарат берілмейді, ол арнайы орында сақталады. 

«Мекептерге вакцинаны сұраныс санына сай көшпелі бригадалар арқылы жеткізу жоспарланып отыр. 20 емханасы іріктеліп алынды. Ол жерден уақытша вакцина пункттерінен санитарлық нормаларды сақтай отырып, көшпелі бригадалар жақын маңдағы мектептерге жібереді. Жол бойында суық тізбекте сақталады», - дейді Светлана Сұлтанғазиева.