11 қар, 2021 сағат 15:38

Pfizer вакцинасы балаларға емханаларда салынады - Атырау облысы


Атырау облысында балаларға Pfizer вакцинасы емханаларда салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ертең, 12 қарашада Атырауға израильдік Pfizer вакцинасының алғашқы 17 550 дозасы жеткізілетіні күтіліп отыр. 

Атырау облысына 9 қарашада вакцинаны мұздатуға арналған 2 камера әкелінді. Қазір облыста 12 мен 18 жас аралығындағы 63 138 бала есепте тұр. Оның ішінде 70%-ы немесе 44 196 адам Covid-19 инфекциясына қарсы вакцина салдырушылар тізіміне енгізілді. Бірақ, 12 мен 18 жас аралығындағы балаларға вакцина ата-анасының рұқсатымен тұрғылықты мекен-жайында тіркелген емханаларда салынады» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Бұдан бұрын Атырау облысында Pfizer вакцинасын 76 мың адам алатынын жазған едік.