12 шіл, 2021 сағат 19:17

Pfizer вакцинасы Алматыға қашан әкелінеді – басқарма басшысының жауабы


Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн брифинг барысында америкалық Pfizer вакцинасы Алматыға қашан әкелінеді? деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Pfizer вакцинасының тиімділігі әлемнің көптеген елдерінде жоғары бағаланатынын атап өтті. Оны қазақстандықтар да күтіп отыр. 

«Біз аталған вакцинаның Қазақстанда қашан және қанша болатынын нақты айта алмаймыз. Келіссөздер жүріп жатыр, нақты күні әлі белгісіз», - деп жауап берді спикер.