10 шіл, 2021 сағат 15:50

Петропавлда тұрғын үй өртеніп, бір әйелді күйік шалды


Петропавлда екі пәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, 54 жастағы әйелді күйік шалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 9 шілде күні болған. 101 қызметіне Петропавлдағы 1-Линия, 22 мекен жайындағы екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шыққандығы жөнінде хабарлама сағат 14.22-де түскен. 

Өрт сөндірушілер келгенде үйдің 8 шаршы метр болатын кіреберіс дәлізі лапылдап жанып жатқан. Жалын шамамен жарты сағаттың ішінде сөндірілді. Дәліз толық жанып кетті. Алдын ала болжам бойынша, өрт дұрыс сөндірілмеген темекі тұқылынан шығуы мүмкін. 

Баспана жалға беріліп келген екен. Жалға алушы – 1967 жылғы әйел күйік алды, сондай-ақ иіс тиген. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.