20 қар, 2020 сағат 12:25

Петропавлда кезекші сыныпқа сабақ берген екі ұстаздан СOVID-19 анықталды

Петропавлда бастауыштың кезекші сыныптарына сабақ берген екі мұғалімнен коронавирус анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Петропавлдағы №1 жалпы білім беретін IT-лицейдің 2-сынып ұстазынан коронавирус инфекциясы табылды. 

Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адамның тапсырған ПТР тесті оның қауіпті инфекцияны жұқтырғанын растады. 

Осыған байланысты екі кезекші сыныптың 26 оқушысы 20 қарашадан бастап қашықтан оқуға кірісті. 

Бүгіннен бастап Петропавлдағы №5 орта мектептің де екі кезекші сыныбы қашықтан оқу форматына көшірілді. 4-сыныпқа сабақ беретін мұғалімнен СOVID-19 табылған. 

Ол да ПТР тест тапсырып, талдау оң нәтиже көрсетті. Салдарынан кезекші екі сыныптың 26 оқушысы қашықтан оқуға кетті.