09 там, 2016 сағат 16:02

Петербургте Путин мен Ердоғанның сөзі жарасты ма?..

"Бүгін Санкт-Петербург қаласында Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанның арасындағы келіссөз басталды. Ол екі ел лидері Стрельнядағы Константин сарайының грек қонақ бөлмесінде бір-бірлеріне қол берулерінен араға арна тартты", -  деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.

Қос мемлекеттің басшысы Ресейдің Су-24 бомбардировщигі Сирия аспанында түріктер тарапынан атып түсірілуіне байланысты туындаған 8 айлық салқын қабақ қарым-қатынасынан кейін алғаш рет қайта кездесіп отыр.

Залға бірінші болып Путин кірді, араға екі минут салып Ердоғанның өзі де келді. Лидерлер журналистердің алғауында бір-бірлерінің қолдарын алып, жарқын жүзбен сәлемдесті. Шағын үстелдің екі жағына орналасқан орындықтарға отырған Путин мен Ердоған сосын алда өткелі тұрған келіссөздер тақырыбы турасында қысқаша мәлімдемелер жасады. Олардың осыдан кейінгі кездесулері баспасөз құралы өкілдерінің қатысуынсыз өрбіді.