Фото: parlam.kz
Мәжілісмен Азат Перуашев депутат Андрей Линниктің өкілетін тоқтату туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Азат Перуашевтің айтуынша, "Ақ жол" фракциясынан депутат болған Андрей Линник 2022 жылдың шілдесінде өтініш берген.
"Бұл туралы бәріне жазда айтқанбыз. Ол шілдеде өтініш берген. Ол - кәсіпкер, айтарлықтай табысты. Ол жұмыс істеген салада бизнесті кеңейту мүмкіндігі артты. Заң бойынша оның депутат ретінде кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ. Бірақ енді кәсібін кеңейтуге мүмкіндіктері бар", - деді депутат.
Перуашевтың айтуынша, Линник өз шешімі туралы алдын ала айтқан.
"Адал адам ретінде келіп: "Азеке, құрметтеймін, бағалаймын. Қазір менде компанияны жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бар. Маған рұқсат етіңіз", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Андрей Линниктің өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш бергені хабарланған болатын.