10 шіл, 2025 сағат 10:38

Перизат Қайраттың ісі бойынша сот отырысы ішінара жабық өтеді

Фото: ашық дереккөз

Астанада Перизат Қайраттың ісі бойынша сот процесі басталды. Алдын ала тыңдалым бойынша сот алқасы кейбір сот отырыстарына БАҚ өкілдерінің қатысуына рұқсат етті, деп хабарлайды Ult.kz.

Осыған байланысты, жәбірленушілердің құпия және банк құпиясын құрайтын мәліметтерін сақтау мақсатында айыпталушылардан жауап алу және осындай мәліметтерді қарау жабық сот отырысында өтеді.

Аталған іс бойынша негізгі сот отырысы 14 шілдеге белгіленді. 

Еске салайық, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева алаяқтық, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған мүлікті заңдастыру баптарымен айыпталуда.