12 нау, 2025 сағат 11:27

Перизат Қайрат құрған "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қорының қызметін тоқтату туралы шешім шықты

Фото: ашық дереккөз

Бұл шешімді Астананың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шығарды, деп хабарлайды Ult.kz.

Соттың баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, қоғамдық бірлестікті құру барысында анықталған заңбұзушылықтарды ескере отырып, сот 'Biz Birgemiz Qazaqstan 2030' қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдаған. 

Іс материалдарына сәйкес, аталған заңды тұлға 2021 жылғы 11 қазанда бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткен.

"Бірлестіктің құрылтайшылары ретінде 10 адам көрсетілген, олардың есімдері құрылтай жиналыстарының хаттамаларында тіркелген, соның ішінде Перизат Қайрат та бар. Алайда қылмыстық іс аясында жүргізілген қолтаңбатану сараптамасы нәтижесінде, құрылтай құжаттарындағы 10 құрылтайшының 9-ының қолын Перизат Қайраттың өзі қойғаны анықталды", – деп мәлімдеді сот өкілдері.