Аты шулы Перизат Қайрат ісі бойынша сот үкімі шықты. Сот шешімі бойынша П. Қайрат 10 тжылға, ал оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Сот үкімін Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында судья Сабыржан Кәрімов жариялады.
Прокурор Арман Кезекен Перизат Қайратты 10 жылға, анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
Жарыссөзде 12 жәбірленуші түсініктеме берген болатын.
Ал Перизат Қайрат пен оның анасы мен қорғаушысына жабық режимде сөз берілген. Сот отырысының негізгі бөлігі жабық режимде өткені наразылық тудырған жағдайдар да болды.
Сонымен қатар, сот Перизат Қайратты мемлекеттік марапат – «Шапағат» медалінен де айырды.
Мәліметтерге сүйенсек, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева азаматтардың сенімін теріс пайдаланып, 3 млрд 545 млн 897 507 теңгені иемденген. Сот шешімі бойынша тәркіленген мүлік жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуге бағытталады. Олардың қатарында Қазақстанның ірі банктері – «Форте», Alatau City Bank (бұрынғы Jusan) және финтех-компания Kaspi бар.
Перизат Қайратқа тиесілі «Vela Village» коттедж қалашығындағы үй; «Akbulak Riviera», «Sensata Plaza», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» ТК пәтерлері мен автотұрақтары; «Mercedes-Benz S450» (2024 ж.), «Lexus LX 600» (2024 ж.), «Mercedes-Benz EQE 500 4 matic» (2023 ж.), «Haval H6 GT» (2024 ж.) көліктері; «Rebel Flowers» ЖШС жарғылық капиталының 100% үлесі; 97 млн теңге және 22 мың АҚШ доллары тәркіленді.
Сот процессі бар жоғы екі аптадан астам уақытқа созылды.
