АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келіп, Тайбэйдегі Суншань әуе базасының әуежайында ұшақ баспалдағымен түсті, деп хабарлайды Massaget.kz порталы CTI TV телеарнасының тікелей эфиріне сілтеме жасап.
Пелоси қызғылт костюм киген, бетінде медициналық қорғаныш маска бар. Оны жергілікті шенеуніктер қарсы алды.
Тайваньдық БАҚ хабарына қарағанда, Пелоси 3 тамызға дейін Тайбейде қалуы мүмкін. Оның делегациясы үшін бес жұлдызды Grand Hyatt қонақүйінің нөміріне тапсырыс берілген.
Еске салайық, Қытай билігі АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары жағдайында ең қатаң шаралар қабылдауға ниетті екенін мәлімдеген.
Бұған дейін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Тайвань төңірегіндегі шиеленістің өсуі аясында АҚШ президенті Джо Байденге ескерту жасаған болатын.