Фото: ашық дереккөз
Павлодарда «HAS» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың 1 млрд теңгеден астам сомманы құрайтын мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды Ult.kz.
Алаяқтар азаматтарды түрлі инвестициялық жобаларға ақша салуға үгіттеген. Түрлі жалған акцияларды әлеуметтік желілерге белсенді түрде жариялап отырған.
Оның ішінде Астана және Қосшы қалаларында тұрғын үй салу туралы ақпарат таратқан. Тіпті, жалған құрылыс жұмыстарын көрсету үшін декорациялар мен арнайы техникаларды қолданған.
5 мыңнан астам салымшыны алдаған қаржы пирамидасының 5 ұйымдастырушысы 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылды. Сонымен қатар олардың 1 млрд теңгеден астам мүлкі тәркіленді.
Оның ішінде 4 пәтер, 18 автокөлікпен 3 жер телімі және автотұрақ орындары, коммерциялық емес ғимарат пен қатар есепшоттардағы қаражаттары бар.
Тәркіленген мүлік ақшасы зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеуге пайдаланылады.