29 қар, 2020 сағат 16:11

Павлодарда жылу электр орталығындағы апаттың қайдан шыққаны белгілі болды

Павлодар қаласында жылу электр орталығындағы апаттың қайдан шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 қарашада сағат 20.10-де 112 пультіне тұрғындардан Павлодар қаласының оңтүстік және шығыс шағын аудандарында жылу бірде келіп, бірде келмей тұрғаны туралы хабар келіп түскен. 

№1 жылу электр орталығында сағат 19.00-де жарылған №3 құбырдың жұмысы тоқтатылды, қалпына келтіру жұмысын жүргізу кезінде жылу айдайтын үш желілік сорғы тоқтатылды, жылу беру азайтылды. 

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлауынша, авариялық-қалпына келтіру жұмысын жүргізу кезінде №1 жылу электр орталығының тұтынушыларын 27 қарашада сағат 20.00-де №2 және №3 жылу электр орталықтарына қосты.

№1 жылу электр орталығы аумағындағы жылу желісінің бүлінген учаскесі бұзылып, жаңасы орнатыла бастады. Авариялық-қалпына келтіру жұмысы 28 қарашада сағат 12.00-ге дейін жалғасты. Жылумен жабдықтау іске қосылды.

Қазіргі мәлімет бойынша «Қазақстан алюминийі» АҚ 1-жылу электр орталықтың аумағындағы тозған диаметрі 800 мм құбыр құбыр жарылды. Соның салдарынан қаланың оңтүстік және шығыс бөлігінде жылу беру азайтылған. 

№1 жылу электр орталықтың жылу желілерін авариялық-қалпына келтіруге жеке құрамнан 90 адам және 25 техника жұмылдырылды. «Жылу желілері» ЖШС (40 адам және 10 техника), «Алюминй Казасхстан» АҚ 1-ЖЭО (40 адам және 10 техника), жергілікті атқарушы органдар (5 адам жəне 3 техника), Павлодар облысы ТЖД (5 адам жəне 2 техника).

29 қарашада жағдай бойынша қаладағы жылу желісінде басқа апат тіркелмеген.