#
#
Сенбі 16/01/2021

Павлодарда жолда қалған 13 адам эвакуацияланды

  • 13.01.2021
  • 0
  • 313

2021 жылғы 12-13 қаңтар аралығында департамент бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарына 2 рет шықты, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қар құрсауынан 13 адам құтқарылды. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері барлығын жылыту пункттеріне көшірді.

 - Мәселен, 2021 жылғы 12 қаңтарда 23 сағат 5 минутта Павлодар облысы ТЖ департаментінің «112» пультіне Екібастұз қаласына қарасты Шиқылдақ ауылдық аймағында, Қарағанды облысы бағытындағы 9 сорғы станциясының ауданында 2 автокөліктің қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шідерті кентін күзету бойынша № 14 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері қар құрсауынан 9 адамды құтқарып, 2 автокөлікті шығарып, оларды Шідерті кентінің «Саружан» қонақ үйіне орналастырған, - дейді департаментте.

Сондай-ақ Екібастұз қаласы Төрткұдық ауылдық аймағы Босшакөл станциясының көпіріне жетпей техника тұрып қалған. № 14 өрт сөндіру бекетінің құтқарушыларымен қар құрсауынан 4 адам құтқарылып, Шідерті кентінің «Саружан» қонақ үйіне жеткізілді. 2021 жылғы 13 қаңтардағы жағдай бойынша облыстық және республикалық маңызы бар жолдардың барлық учаскелері ашылды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар