Павлодар облысында вакцина алмаған қызмет көрсету ұйымдары мен жұмыскерлеріне айыппұл салынады, деп хабарлайды Pavlodarnewskz.
Бұл туралы онлайн өткен баспасөз жиынында Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев мәлім етті.
- КВИ-дің одан әрі таралуының алдын алу үшін 1 шілдедеден бастап еліміздің Бас санитарлық дәрігерінің қаулысы шықты. Қаулы бойынша қызмет көрсету саласыдағылар вакцина қабылдауға міндеттелді. 15 шілдеге дейін вакцинаның 1-компонентімен, 15 тамызға дейін 2-компонентімен егілуі тиіс, - деді Батырбек Әлиев.
- Вакцина қабылдамағандарға айыппұл салынады. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша қарастырылады. Жеке адамдарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал, ұйымдарға салынатын айыппұл 500 АЕК мөлшеріне дейін жетеді, - деді Батырбек Әлиев.
Облыстың бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, қызмет көрсету саласының мекемелеріндегі вакциналауға байланысты мониторинг топтары тексеру жүргізуі мүмкін.
