01 шіл, 2024 сағат 10:57

Павлодарда үш күн іздеуде болған жігіттің мәйіті табылды


Фото: ТЖМ


Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 28 маусым күні сағат 16:00-де болған. Сол күні 19 жастағы павлодарлық жігіт орталық жағажайда демалған екен, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» облыстық ТЖД сілтеме жасап.


Досының сөзінше, жігіт суға сүңгіп жүрген. Алайда сол күйі су бетіне шықпай қалған.


Іздеу жұмыстары бірден басталып, үш күнге созылған. Алайда бозбала табылмады. Артынан жағалауда куәгердің бірі 19 жастағы жігіттің денесін байқап қалған. Сөйтіп, мәйітті судан жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алып шығарған.