Павлодарда темекі үшін жаппай төбелес болды. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, 21 мамырда түнгі сағат 00:00 шамасында полицияға Естай көшесіндегі түнгі клуб жанында мас келушілер жаппай төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары оқиғаға қыздардың да қатысы барын анықтады. Төбелеске қатысқандардың барлығы, соның ішінде қыздар да уақытша бейімдеу орталығына жеткізілді.
"Ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық орындарға мас күйінде шыққан тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді полиция өкілі Ренат Шәріпов.