Павлодарда әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасады деп күдікке ілінген қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Іс-шара барысында Павлодарда интернетте алаяқтық жасады деген күдікпен Павлодар қаласының екі тұрғыны ұсталды.
Павлодарлық алаяқтар мынадай сызба бойынша жұмыс жасаған: олар интернетте (Колеса және OLX веб-сайттары) автомобиль бөлшектерін арзан бағамен сататыны туралы жарнама жариялайды. Тапсырыс қабылдап, тауардың толық сомасын банк картасына алдын ала төлеуді сұрайды және тапсырыс берілген тауарды курьер арқылы жіберуге уәде берді. Ақшаны алған соң қаскүнемдер біраз уақыт курьердің нашар жұмысын сылтауратып, уақыт созады да, кейін телефонды толық өшіреді.
Қазіргі уақытта 10 адам алаяқтарға алданған. Сәтсіз тауар сатып алу көлемі 40-100 мың теңге аралығында болды.
Күдіктілердің бірі Павлодардағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабымен қаралған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.