Фото: Людмила Баюшева
Бұл оқиға 7 қарашада, Қазан төңкерісі күні болды, деп хабарлады Orda.kz.
1928 жылы орнатылған ескерткіш Лениннің жүз жылдық мерейтойына небәрі төрт жыл қалғанда қирады. Күшті желдің әсерінен ескерткішке ағаш құлап, оны тұғырынан түсіріп, мүсін ұсақ бөліктерге бөлініп қалды.
«Ескерткіштің жанындағы шырша – алпыс жыл бұрын отырғызылған төрт ағаштың ішіндегі жалғыз шырша болатын. Биыл ағашқа 67 жыл толды», – деп түсіндірді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева.
Гладышеваның айтуынша, тұғыр да зақымданған. Оны алып тастау мәселесі келесі аптада шешілмек. Ал мүсін қалпына келтіруге жарамайды. Ескерткіштің араб жазуымен жазылған жалғыз жазуы ғана сақталып, музейге беріледі.
Қарашаның алғашқы күндерінде ауа райының қолайсыздығы Қазақстанның түрлі өңірлерінде байқалды.