04 қаз, 2021 сағат 18:08

Павлодар тұрғыны 16-қабаттағы балконнан секіріп, мерт болды



Павлодар тұрғыны 16-қабаттағы үйдің балконынан секіріп, қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияда ер адам өзіне-өзі қол жұмсағаны туралы  айтады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Н.Назарбаев даңғылындағы 52-ші үйдің ауласынан 16 қабатта орналасқан ортақ балконнан секіріп кеткен ер адамның денесі табылды.

- Тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.  Ер адамның кім екені анықталуда, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Павлодарда полицей өзіне-өзі қол жұмсамақ болған адамды тоқтатқан болатын. Мас адам бес қабатты үйдің терезесінен секіремін деп қорқытқан.