07 сәу, 2025 сағат 11:10

Павлодар облысында ТЖ басқармасының басшылары мен кәсіпкер пара алғаны үшін сотталды

Фото: ашық дереккөз

2025 жылғы 31 наурызда Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ult.kz.

Сот шешімі бойынша Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Д. Куконев, оның орынбасары Ж. Майманов және кәсіпкер Б. Жұмашев бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Тергеу мәліметінше, Куконев пен Майманов Жұмашевтың мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасауына ықпал еткені үшін жалпы сомасы 7,4 миллион теңге көлемінде пара алған.

Сот үкімімен Куконев 7 жыл 6 айға, ал Майманов пен Жұмашев әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, үшеуі де өмір бойына мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Бұған қоса, Куконевке «азаматтық қорғаныс полковнигі», ал Маймановқа «азаматтық қорғаныс майоры» арнайы атағынан айырылу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.