26 мам, 2023 сағат 11:12

Павлодар облысында мас ер адам ішкиіммен стадионда жүрген - видео


Павлодар облысы Ертіс ауылында 41 жастағы тұрғын масаң күйінде Орталық стадион аумағында ішкиіммен жүрген, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ер адам келген полицейлерге десантшы екенін және Орталық стадионды күзетіп жүргенін айтқан.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыл тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Материал сотқа жіберілген. Оның шешімімен 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылып, үш ай мерзімге ерекше талаптар белгіленген.

"Сонымен қатар, ер адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабы 1-бөлігі "Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Сұңғат Әбенов.