Павлодар облысында жол апаты салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты. Қайғылы оқиға Павлодар–Қызылорда автожолында орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шідерті кентінің жанында 48 жастағы «Hyundai Santa Fe» автокөлігінің жүргізушісі 60 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
- Ол жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, - деді баспасөз қызметінде.
Полиция көліктің арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде.