17 мау, 2021 сағат 16:46

Павлодар облысында кәмелетке толмаған бала аттан құлап, мерт болды


 Қайғылы жағдай Павлодар облысының Ақтоғай ауданында болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«16 маусым күні Павлодар қалалық полициясына шаһардағы ауруханалардың бірінде кәмелетке толмаған баланың қаза тапқан туралы хабар түсті», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

«15 маусым күні Павлодар облысының Ақтоғай ауданы, Бесталап ауылында сағат 12:30-да кәмелетке толмаған бала аттан құлады. Оны көргендер бар», - деп мәлімдеді ведомстводан. 

Оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.