29 мау, 2021 сағат 11:10

Павлодар облысында 4 жасар баланы көлік қағып, мерт қылды


Павлодар облысында төрт жасар бала көлік доңғалағының астына түсіп, ажал құшты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстың Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 маусым күні сағат 17:30-да Ақсу ауылдық аймағының Береке ауылында «ВАЗ 2106» маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі жол бойына жүгіріп шыққан 2017 жылы туған қызды қағып кеткен. 

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бүлдіршін алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Оның айтуынша, жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.