#
#
Сенбі 06/03/2021

Павлодар облысында 20 қаңтардан бастап карантин талаптары күшейтіледі

  • 18.01.2021
  • 0
  • 138

Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Батырбек Әлиевтің өңірдегі карантиндік шектеу шараларын күшейту жөнінде жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, ашық және жабық ғимараттарда көріністі, спорттық іс-шараларды, отбасылық, ойын-сауық, ұжымдық, корпоративтік, салтанатты (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) іс-шараларды, адам көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Сонымен қатар ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, комспьютер клубтары, букмекер кеңселері, лото терминалдары бар нысандар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кинотеатрлардың қызметі тоқтатылды. Әйтсе де кітапханалар мен мұражайлардың жұмыс жүргізілуіне рұқсат беріліп отыр. Кезекші топтарды қоспағанда мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салынған. Қала және аудан арасында жүретін автобустар кесте бойынша шектеумен жүреді.

Жаңа қаулы 20 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден көруге болады. Еске сала кетсек қазіргі уақытта Павлодар облысы Ақмола, Қостанай, Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласымен қатар «қызыл» аймақта тұр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар