Павлодар ауданының Ольгинка ауылында жергілікті тұрғынның қысқа әзірлеген 120 тонна шөбі жанып кетті. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" ТЖД сілтеме жасап хабарлайды.
Ольгинка ауылындағы өрт туралы хабарлама ТЖД-ің пультіне 5 қыркүйек күні таңғы сағат сегіз жарымда келіп түсті. Мир көшесі 2/1 үйдің ауласының аумағында 320 шаршы метр алаңда шамамен 120 тонна шөп өртенді. Сондай-ақ, он шаршы метр алаңдағы кірпіштен қаланған гараждың төбесінің ағаш құрамалары және ағаш дуалдар жартылай жанды.
Өрт сағат 15:46-да ауыздықталып, сағат 20:41-де толықтай жойылды.
Өрттің шығуының алдын ала себебі ретінде қасақана өртеу нұсқасы қарастырылып жатыр.