03 жел, 2021 сағат 17:17

Павлодар облысы «Ең мейірімді өңір» атағына ие болды


«Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған «Ең мейірімді» байқауында Павлодар облысы «Ең мейірімді өңір» атағына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған жоба аясында Шығыс Қазақстан облысы II орын алса, Қарағанды облысы жүлделі III орын иеленді. 

Павлодар облысы бұл марапатқа өңірде қайрымдылық шараларының өте көп ұйымдастырылуының арқасында ие болып отыр.

Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатыр. 

Жобаның басты мақсаттарының бірі – жақсылыққа жаны құмар адамдарды біріктіру және ұйымдастыру, қоғам мен адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беретін, жомарттық пен жақсылық идеясына негізделген қоғам құру.